ҚазақстанҚоғамТОП

Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын зауытқа барды

2018 жылы негізі қаланған «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіреді, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ақорданың желідегі ресми парақшасының жазуынша, кәсіпорын жыл сайын 72 миллион бақылау-индикатор пломбалары мен өздігінен жабысатын лейблдер, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын 24 миллион дана сырға шығарады.

«Универсал» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» полипропилен қаптарын шығаратын зауытты, сондай-ақ Қазақстанның өзге де өңірлерінде крахмал және крахмалдың қантқа айналып үлгермеген түрін өндіретін ірі өндіріс орнын басқарады.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының Шардара қаласында жүгері дәнін терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.

Компаниялар тобы 80-нен астам өнім түрін шығарады. Мұнда 3400 адам жұмыс істейді. Салынған инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге.

Зауыт
Фото: Ақорда

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button