ҚоғамСемейТОП

Семейде «Тәуелсіздікке тағзым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті

Байқау мақсаты – көркем әдебиетті, сөз өнерін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпал ету, патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен ақындар тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарып оқыса, екінші айналымда еркін тақырыпта жеке шығармашылығынан өлең оқып сынға түсті.

Тәуелсіздік тақырыбында өлең жазу үшін қатысушыларға жеті күн уақыт берілді.

Мүшайраға мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы жиыны 14 ақын қатысты.

Әділ қазылардың төрелігімен байқаудың бас жүлдесін Рахатбек Ерзат жеңіп алса, І орынды – Ерланов Әлихан, ІІ орынды – Нұрбол Ұлан және ІІІ орынды – Сләмшайықұлы Мирас иеленді.

Сонымен қатар бүгінгі байқауда ерекше көзге түскен ақындар Қ. Рысқұлбекұлы, Е. Сыпатайұлы, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова атындағы арнайы жүлделермен де марапатталды.

Ал байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button