ҚоғамСемейТОП

Семейде «Жыл таңдауы-2023» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Шараға қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев қатысып, жыл үздіктерін марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Жыл таңдауы – 2023» сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Биыл әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

Сондай-ақ, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың атынан жақында жайдарман ойындарының финалдық бәсекесінде жеңімпаз атанған «Қыздар емес» командасына алғыс хат табысталды.

Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды:

«Жылдың үздік студенті» аталымын — Игенбердыева Сағыныш Муратбекқызы;

«Жылдың үздік волонтері» аталымын —Чукеев Ахмет Ерланұлы;

«Жылдың үздік жастар ұйымы» аталымын — «Қаракөз студент жастар театры»;

«Жылдың жас журналисті» аталымын —Торсықбаев Рүстем Қайратұлы;

«Жылдың жас қаһарманы» аталымын —Нұртазаев Елдос Нұрдәулетұлы;

«Жылдың жас дәрігері» аталымын — Болатов Данияр Нұрбекұлы;

«Жылдың жас еңбек адамы» аталымын — Құсайынов Жарқын Шаймұратұлы;

«Жылдың жас спортшысы» аталымын — Игимбаева Арайлым Саматқызы;

«Жылдың жас дарыны» аталымын — Төребекова Мариям;

«Жылдың жас жанұясы» аталымын — «Уайсовтар» жанұясы;

«Ауылдың жас маманы» аталымын — Қапезова Аңсаған Сырымқызы;

«Жылдың жас ұстазы» аталымын — Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы иеленді.

Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button