Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысының жас ұстаздары заманауи білім беруді дамытуға арналған стартап идеяларын ұсынды

Абай облысында мұғалімдер арасында «Тағылымды тәлімгер – жас маманның зергері» І облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқау орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру, тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатын алға тартты.

Іс-шараға жалпы білім беретін ұйымдарының еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас маман мен бекітілген тәлімгерлері қатысты. Байқауда облыс бойынша аудандық/қалалық кезеңнен іріктеліп өткен 22 педагог кәсіби шеберліктерін көрсетіп, 3 кезеңде бақ сынады.

Бірінші кезеңде жас мамандардың электронды портфолиосы ұсынылса, келесі кезеңде мұғалімдер заманауи білім беру мәселелерін шешуге бағытталған стартап идеяларын ұсынды. Үшінші кезеңде тәлімгерлермен бірлескен шеберлік сабақтары өткізілді.

Шара қорытындысы нәтижесінде алты жүлделі орын анықталды. І орынды Көкпекті ауданы мен Семей қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінен келген педагогтер иеленді. Жүлделі ІІ орын Ақсуат пен Аягөз аудандары мұғалімдеріне бұйырса, ІІІ орынды Бесқарағай мен Семей қаласы мұғалімдері алды. Бұдан басқа педагогтерге «Үздік портфолио», «Үздік Startup», «Тағылымды тәлімгер-жас маманның зергері» номаинациялары табысталды.

Айта кетсек, тәлімгерлер мен жас мамандар байқауы енді жыл сайын өткізілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button