Абай облысыҚоғамТОП

Үржар ауданында 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Үржар ауданы, Ақжар ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табыс етілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Айта кетсек, ауданда соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2020-2022 жыл аралығында 136 пәтер салынып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, 2022 жылы 60 пәтерлі тұрғын үй салынды.

Биыл Мақаншы ауылында 6 үй (12 пәтер), Науалы ауылында екі пәтерлі 2 үй (4 пәтер) және бүгін Тәуелсіздік күніне орай Ақжар ауылында екі пәтерлі 20 (40 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button