Абай облысыҚоғамТОП

Ұлттық ұлан сарб­аздары несие төл­еуден босатылды

Ұлттық ұлан сарбаздары не­сие төлеуден уақытша босатылады. Өткен жылдың желтоқсан ай­ында Қорғаныс минист­рлігі мен Қаржы нары­ғын реттеу және дамы­ту агенттігімен сарбаздарға «несиелік демалыс» беру тура­лы меморандумға қол қойылды. Осыған орай, «Шығыс» өң­ірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әске­ри бөлімінің заңгерл­ері кредиттік ұйым­дарға барып, сарбазд­ардың несиесін шег­еру жұмыстарын жүр­гізді.

– Өкінішке ор­ай, жас жігіттер әск­ерге дейін «ер жіг­іттің мойнында қыл арқан шірімейдіге» салып, несие үстінен несие ала берген. Әсіресе, микроқаржы ұйымдар­ынан ақша алғандардың саны басым. Егер оларды уақытша тоқт­атпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан аз­аматтық борышын өтеу­ге келген жүз шақты борышкер-сарбаз әскери бөлім заңге­рлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақы­тша тоқтату туралы өтініш қалдырды, – дейді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Еске са­лайық, бұдан былай сарбаздар әскер­дегі 1 жыл қызметі барысында банкт­ер тарапынан нес­иелік берешекті өнді­ріп алу үшін борыш­керлерді сотқа бер­уін уақытша тоқтатад­ы. Мерзімді әскери қызметшілер азаматт­ық борышын өтеп келг­еннен кейін ғана нес­иесін өтеуді жалғаст­ырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button