ҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтті

Семейде ҚР-ның Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Еліме тағзым» атты шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы, қайталанбас мәнері қалыптасып, сол арқылы әр қазақтың жүрегінен орын алған Төлеген Мұхамеджанұлының өнерсүйер қауым үшін орны бөлек.

Мерейтойлық кеште арнайы қонақ ретінде Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айбек Бекбосын, Халықаралық конкурстардың лауреаты Дильназ Омарханова өнер көрсетті. Сонымен қатар Абай облысы әкімінің эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының» әртістері де өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінде шығармашылық кешін өткізген танымал сазгер биыл 75-ке толып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button