ҚоғамСемейТОП

Семейде 26 отбасы қоныс тойын тойлады

Жыл басынан бері пәтер кезегінде тұрған 144 отбасыға баспана кілті табысталған. Тәуелсіздік күніне орай бүгін солардың қатары тағы 26 отбасымен толықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей Ұшақтар кентінен берілген пәтер кілттерін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов табыстады.

  • Бүгін мереке қарсаңында сіздерге қуаныш сыйлап, пәтер кілтін табыстағалы отырмыз. Қалалық әкімшілік осы жылы 211 пәтердің кілтін бермек. Жылдың аяғына дейін тағы 31 пәтерді тапсырмақпыз. Бұл жұмыстар осымен тоқтап қалмайды. Отбасыларға баспанамен қуантуды әлі де жалғастырамыз. Бүгінгі алып жатқан үйлеріңіз құтты болсын. Баршаларыңызды алдағы келе жатқан мерекемен құттықтаймын,- деді қала әкімі.

Ұшақтар кентінен табысталған бүгінгі тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады. Көпбалалы отбасыларға берілген баспаналардың құрылысы, аумағы бірдей. Барлығы үш бөлмелі.

  • Мереке қарсаңында отбасымызбен бірге жаңа баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. Сегіз баланың анасымын. Өзім 2008 жылдан бері кезекте тұрдым. Сол қуаныш бүгінгі күнге келіпті. Қатты толқып тұрмын. Барша басшылыққа, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін. Барлық адам баспаналы болсын деп тілеймін, – деді көпбалалы ана Алуа Қыдыржанқызы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button