Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының кәсіпорындары «Парыз» байқауының жүлделеріне ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2023 жылғы 12 желтоқсанда «Парыз» – 2023 бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық конкурстың, Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысындағы 492 қатысушының ішінен ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «Парыз» байқауының Бас жүлдесін «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС алды. Гран-при жүлдесі өз саласында жоғары көрсеткішке және корпоративтік, әлеуметтік, экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда үздік нәтижеге жеткен үміткерлерге беріледі.

Сонымен қатар, «Парыз» байқауының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясымен 2-ші орынды «Семей монтаждау фирмасы-Имстальком» ЖШС иеленді.

«УК ЮНИС» ЖШС шұлық-трикотаж фабрикасы «өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы атанды.

Байқау жеңімпаздары тиісті диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, лауреаттарға конкурс эмблемасын жарнамалық мақсатта осы атақ берілген күннен бастап үш жыл ішінде пайдалану құқығы беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button