ҚоғамСемейТОП

Семейде оқушылар қашықтықтан оқуда

Семей қаласында мектептерде қашықтықтан сабақтар кедергісіз оқытылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес Семей қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қашықтықтан оқытуы ұйымдастырылды.

Сабақтар, сынып сағаттары синхронды және бейсинхронды форматта өтеді.

Мектеп әкімшілігі мектепішілік бақылауды оқу сабақтарын, сынып сағаттарын өткізу барысын, оқушылармен кері байланысты сабақтар мен сыныптық іс-шаралардың сілтемелері, «Күнделік» электрондық журналының мониторингі, білім беру платформалары арқылы жүзеге асырады.

Ауа-райына қарамастан, оқу-тәрбие процесі жалғасуда, оқушыларды үздіксіз оқыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button