ШҚОПроисшествияТОП

Абайсыздық өлімге әкелді  

2021 жылы 26 мамырда Зайсан ауданы Кеңарал айдауында өзеннен атпен өткенде 2007 жылы туған жасөспірім суға құлап, батып кетті, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол әкесімен бірге ат үстінде терең өзеннен өтпек болып,қауіпсіздік шараларын сақтамау нәтижесінде қайтыс болған. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуіршілері суға батып кеткенді алып шықты.

ШҚО ТЖД су қоймаларындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:
– терең сулардан және күшті өзен ағындарынан өтпеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:
1) алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға түсуге және шомылуға;
2) қайықтан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
3) зерттелмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
4) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
5) балаларға ересектерсіз суға түсуге.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button