Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының командасы Индонезияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Алматы қаласы Атакент сарайында «Almaty Tech Cup-2023» ІХ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«USTEM Robotics – Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен чемпионатта еліміз бойынша 140 команда бақ сынады. Абай облысының намысын қорғап Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия оқушылары мен Электротехникалық колледж студенттері қатысты.

Тартысты додада Абай облысының командасы тасымалдаушы роботты ұсынып, І орынға ие болды. Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облыстық құрамасы Индонезияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Команда құрамында: колледж бен гимназия оқытушылары Ерасыл Нурекенов, Айдос Тұрсынбеков, Альмира Муратова, гимназия оқушылары Олжас Самархан, Ерасыл Канагатов, Радми Жеңісбек, Абылхан Темірлан, Айым Серікбаева, Аңсар Альжанов, Әкежан Хозыев, Руслан Нестеренко, студенттер Азамат Қабылсовет, Аңсар Оразгалиев.

Гимназияның 11-сынып оқушылары Олжас Самархан мен Ерасыл Канагатов Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің төрт жылдық грантын ұтып алды.

Айта кетейік, биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған ашық чемпионат екі күн өтті. Республика бойынша 2000-ға жуық қатысушы жиналды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button