ҚазақстанҚоғамСпортТОП

Самат Смақов «Астана» командасының техникалық директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстандық танымал бұрынғы футболшы және тәжірибелі маман Самат Смақов елордалық «Астана» командасының техникалық директоры қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Самат Смақов футболшы ретінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Қазақстан, Ресей және Түркия клубтарында өнер тепті.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Ақтөбе» футбол клубында бас директор қызметін атқарды. Биыл «Елімай» командасының бас бапкері ретінде клубты Премьер-лигаға шығарды.

«Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді. Техникалық директордың міндетіне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады», – деп жазылған «Астана» клубы таратқан хабарламада.

Ал бұдан бұрын Андрей Карпович «Елімайдың» бас бапкері қызметіне кіріскен болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button