Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеТОП

Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылында “Еңбектің жұлдызды сәті”атты тарихи -танымдық мәдени шара өтті

Тәуелсіздік мерекесіне орай Жоғарғы Егінсу ауылындағы Егінсу орта мектебінде “Еңбектің жұлдызды сәті”атты тарихи -танымдық мәдени шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шара барысында ауылдағы еңбек озаттарының өмір деректері жинақталып, ұрпақтарының естеліктері айтылды. Тәуелсіздіктің арқасындағы жетістіктерді оқушылар тақырыптық сахналық қойылымдар, еңбек озаттарымен жүргізген сыр-сұхбат арқылы көрермендерге үлгі етті. Өз отбасының еңбек жолын жалғастырып жүрген Ықыласов Айдын, Мустафин Ерлан, Шенгелбаев Қуат, Жақашев Ұланның жеке шаруашылықтағы кәсіби шеберліктері мен жеткен жетістіктері үлгі етілді.

Тарихи деректеме ретінде шопан жастар бригадасының жетекшісі болған Нұғыманова Зейнел, Байғұлжин Зәбір, Тоқтағанов Раймыштың ұрпақтары, Назигүл Әдакімқызы, Аман Раймышұлы, Ләбір Байғұлжаұлы қатысып, естеліктермен бөлісті.

Өлкетану мұражайының ақпараттық тобы озат сауыншы болған Мұхамеджанова Айманкүл, Бөкішева Фарида, өнерімен , еңбегімен ауыл тұрғындарының алғысына бөленген Нағима Ықласовамен сұхбат өткізіп, алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді.

Аралас жекпе -жек күресінің әлем чемпионы Дарын Мұстафинның жаттықтырушысы Әли Оңдасынов өз сөзінде ел спортының, мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалап, жұлдызды сәттердің көп болуына еңбектену қажеттігін айтты. Іс -шараның ұйымдастырушысы Зәуреш Жұмағалиқызы Жоғарғы Егінсу ауылының әкімі Айдос Байғұлжинның демеушілігіне, мектеп ұжымына, ата-аналарға алғыс сезімін жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button