Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында мас күйінде жүргізуші ауыр жүктің аударылуына жол берді

11 желтоқсан күні сағат 22.00 шамасында 46 жастағы жүргізуші «Volvo» автокөлігін басқара отырып, «Алматы – Өскемен» тас жолымен 715 км жол учаскесінде жүк ерекшеліктері мен жылдамдық режимін ескермеді, нәтижесінде көлік құралын аударылуына жол берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші зардап шеккен жоқ. Медициналық куәландыру нәтижесі мас екенін көрсетті.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Абай облысы Полиция департаменті қозғалыстағы кез келген көлік құралы жоғары қауіптің көзі болып табылатынын, ал егер оны мас күйінде адам басқарса, бұл қауіп айналасындағылар үшін бірнеше есе артатынын еске салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button