Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бірнеше тақырыпты қамтыған жиында ең бірінші 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаманы Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы жасады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің отырысында қатысушылар назарынан Ертіс су алабының жай-күйі тыс қалмады. Кеме қатынасы мен су көлігі үшін Ертісті пайдалану перспективалары туралы тақырып қозғалып, Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асылбек Нұғманов өзенді кемелердің өтуіне дайындау үшін нақты жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді.

– Абай облысы бойынша Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 320,5 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда Ертіс өзені бойынша жүк тасымалы жүзеге асырылуда. Тасымалданатын жүк-салмағы 1000 тоннаға дейін болатын, Ресей Федерациясының Омбы облысынан өндірілген орман қылқан жапырақты және қатты ағаштар атауға болады. Қазіргі күні Семей қаласында екі жеке жолаушылар кемесі жұмыс істейді, олар қала шегінде экскурсиялық сапарларды жүзеге асырады. 2023 жылы іс-шаралар жоспарына сәйкес Шүлбі СЭС – Майтүбек кенті учаскесінде 415 мың м3 топырақ көлемінде тереңдету жұмыстары, 55 мың м3 топырақ көлемінде түзету жұмыстары жүргізілді, – деді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Отырыстың күн тәртібінде Абай облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы жән Қоғамдық кеңестің 2023 жылы атқарылған жұмыстардың есебі баяндалды. Барлық қараралған мәселе бойынша сұрақтар талқыланып, шешімдер қабылданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button