Абай облысыҚоғамТОП

Көкпекті ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Көкпекті ауданында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. 6 бас ірі қара мал еті, жылқы еті, 5 бас қой, 200 келі құс (қаз, үйрек), 600 келі балық, жұмыртқа, бал және сүт өнімі сатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Айта кетсек, Көкпекті ауданында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында мұндай жәрмеңкелер айына 2 рет өткізіліп тұрады.

Анықтама үшін: ауданда жыл басынан бері 15 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда 14 тонна ірі қара мал еті, 6,5 тонна жылқы еті, 3,5 тоннадан астам қой еті, 7,5 тоннадан астам балық, 1 тонна бал, 8 тоннадан астам сүт өнімі және 53 тонна көкөніс пен жеміс сатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button