БілімСемейТОП

«Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қабылданды

Семей қаласындағы «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қабылданды. Салтанатты шара барысында олар ант қабылдады, деп хабарлайды Semey News.

Семей гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында жас патриоттар ант қабылдады және өз клубына және әскери-патриоттық қозғалысына кіретіні туралы куәліктер алды.

  • Бүгін жас патриоттар қатары кіші топпен толықтырылды, олар салтанатты түрде ант қабылдап, Отанның шынайы патриоттарының дәстүрлерін жалғастырып, әскери істі меңгеруге міндеттенді, – деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар офицері майор Алмас Бейсембаев.

Жас жаңа сарбаздарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button