Семей қаласының ең өзекті мәселесі – қоғамдық көліктердің желіде аз жүруі. Оған басты себеп – «Д» категориясы бар жүргізушілердің жетіспеушілігі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі өзінің ресми аккаунттарында бос жұмыс орындары туралы хабарландыру таратты.
“Сіздердің назарларыңызға жолаушылар тасымалына қатысты бос жұмыс орындарын ұсынамыз
🚌 «Таксомоторлық парк» ЖШС шұғыл түрде Д санатындағы жүргізушілерді, қоймашыларды, электриктерді, механиктерді жұмысқа шақырады! Барлық әлеуметтік аударымдар жүреді. Қала сыртындағы жүргізушілерге баспана беріледі! Широкая көшесі, 67 (Нахаловка ауданы ), 8-777-542-94-92.
🚌 «Авто Транс Семей» ЖШС «Д» және «Д1» санатындағы жүргізушілерді жұмысқа шақырады. Барлық әлеуметтік аударымдар жүреді. Графикке сай демалыс күндері беріледі.Жүргізушілерді ынталандыру мақсатында бонустар беріледі. Мекенжай: Шугаев көшесі 162. Тел нөмір: 8-778-682-26-87
🚌 «Семавтопарк»ЖШС Д» санатындағы жүргізушілерді жұмысқа шақырады. Барлық әлеуметтік аударымдар жүреді. Графикке сай демалыс күндері беріледі. Мекенжай: Шугаев көшесі 162. Тел нөмір: 8-778-682-26-87”.
Semeynews.kz