Абай облысыДенсаулықҚоғамТОП

Абай облысының Үржар ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

Үржар ауданы Қаратұма ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория мен ауылдық округтің әкімшілік ғимараты ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Сондай-ақ, биыл Үржар, Мақаншы ауылына медициналық құрал-жабдықтар алуға қаржы бөлінді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 16 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт, фельдшерлік амбулатория, фельдшерлік пункт салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Анықтама үшін: бүгінде Үржар ауданында 1 орталық аурухана, 1 ауданаралық аурухана, 25 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button