Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтті

Форумға Абай облысындағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. Олардың ішінде:

Жыл волонтері:
Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы,
Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.

Жыл көшбасшысы:
Абдураимов Алиби Батыржанұлы.

Жылдың үздік жастар ұйымы:
«Абай Жомарт жастары»;
«Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.

Жылдың жас еңбек адамы:
Әлихан Мират Қайырбекұлы,
Головнев Иван Сергеевич.

Жылдың жас таланты:
Жақанов Баян Бағдатұлы.

Жылдың жас отбасы:
Сағатбековтер отбасы.

Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:
Үржар ауданы,
Абай ауданы.

Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы – 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button