Абай облысысельское хозяйство

Ауыл шаруашылығы министрі шаруалармен аграрлық саланың әлеуетін талқылады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары кезінде бірнеше кәсіпорында болып, өңірдің шаруаларымен кездесті.

Аймақта өсімдік және мал шаруашылығымен қатар айналысатын кәсіпорындар бар. Солардың бірі – «Приречное» агрофирмасы» ЖШС. Агроқұрылым голландиялық технология бойынша картоп пен көкөніс өсіреді. Компания 1-1, 2, 3-ре продукциялы картоп өндіретін тұқым шаруашылығы және етті бағыттағы қазақтың ақ бас тұқымын өсіретін ірі асыл тұқымды репродуктор мәртебесіне ие. Кәсіпорын қосымша көкөніс пен ет өңдеумен айналысады. Агрофирма цехы тез дайындалатын жармаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Еліміздің өзге өңірлері секілді Абай облысында жалпы қуаты 800 бас және 5,6 мың тоннадан астам сүт өндіретін екі сүт-тауар фермасы салынады.
Шаруалармен кездесуде Айдарбек Сапаров облыстың аграрлық секторын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Өңірде майлы дақылдарды жинау аяқталуда. Дихандар жалпы ауданы 290,5 мың га егіс алқабынан 319 мың тонна астық бастырды. Биыл дәнді дақылдар 315 мың гектарға егіліп, гектарына 329,1 центнер өнімділігімен 10,5 мың тонна қамбаға құйылды. Абай облысының шаруалары 168,6 мың тонна картоп, 93 мың тонна көкөніс, 51,3 мың тонна бақша өнімдерін жинады.

Айдарбек Сапаров мемлекет агроөнеркәсіп кешенін барынша қолдайтынын жеткізді. Қолдаудың арқасында биыл Абай облысы 14,4 мың тонна жеңілдікті дизель отынын алды, оның ішінде 6,3 мың тонна жемшөп дайындауға бағытталған. Міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуға 579,9 млн теңгенің 23 өтінімі келіп түсті. Қазірдің өзінде 382,6 млн теңгеге 19 өтінім мақұлданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button