Абай облысы

Облыс әкімі шығармашыл жастармен кездесті

Аймақ басшысы «Не кипишуй» және «Қыздар Емес» КВН командаларының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде Нұрлан Ұранхаев «Қыздар Емес» командасын «Жайдарман-2023» ойындарында чемпион болуымен құттықтады.

Екі команда өкілдері өңірдегі креативті индустрияны дамытуға бағытталған бастамамен бөлісті. Ұсыныстың бірі мәдени кеңістікті кеңейтуге және жергілікті таланттарды қолдауға бағытталған облыс аудандарына гастрольдік сапар туралы болды.

Сонымен қатар, жиында облыста шығармашылық іс-шаралар орталығына арналған шығармашылық хаб құру идеясы ұсынылды. Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев бұл идеяны қолдайтынын айтып, облыста өнерлі жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button