ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

Кеше Абай облыстық «Amanat» партиясының филиалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қабылдауға қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен қала әкімінің бас инспекторлары қатысты. Қабылдау барысында барлығы 15 өтініш қаралды. Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ЖКХ, сумен жабдықтау, жол жөндеу, тұрғын үй кезегі және т.б мәселелермен жүгінді. Сондай-ақ, Приречный ауылдық округінің Мұздыбай ауылының тұрғындары қа әкімінен ауылға кіреберіс жолды асфальттап беруін сұрады.

Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде, биыл жалпы ұзындығы 10 км болатын 3 ауылдың кіреберіс жолына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтып, 2024 жылы Мұздыбай ауылының кіреберіс жолын жөндеу қарастырылатындығын айтты.

Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button