
Кеше Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Комиссия отырысында 2023-2024 жж. қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын күшейту және тіршілік объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс барысынд ауа райының нашарлауы кезінде қаланы жылмен қамтамасыз ету және бұзылу кезінде жылдам әрекет қылу, өзендер мен көлдерде әуесқой балық аулаушыларға бақылау жүргізу, жол тазалаушы техникалардың қысқы кезеңге дайындығы пысықталды. Сонымен қатар,
тұрғын үй массивтерінде жылу кезініндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлер мен саяжайларға орнатуға 4355 дана улы газды анықтау құрылғылары (датчик) сатып алу конкурсы аяқталды. Мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған астаналық мекеме датчиктерді жақын арада Семей қаласына жеткізеді.
Сондай-ақ, отырыс барысында қала әкімі қаладағы жатаханалар мен хостелдардың заңдылығын тексеру, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
Комиссия отырысында көтерілген мәселелер қала әкімінің тұрақты бақылауында.
Semeynews.kz