Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысының ұстаздары «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Елімізде «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығынан үздік атанды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысынан Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының информатика пәні мұғалімі Шынар Баяхметова және №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Толеуқоңыр республикалық байқау жеңімпазы болып, «2023 жылдың үздік педагогі» атанды.

Байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» сертификатымен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Айта кетсек, «Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Облысымыздан алты педагог қатысып, екеуі жүлдемен оралды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button