Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Ақсуат ауданына қарасты ауылдарда су желісін тарту жұмыстары жалғасуда

Облыс тұрғындарын орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз ету мақсатында Ақсуат ауданында 2023 жылы 3 ауылға су құбыры желісі тартылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жобаға сәйкес 81 тұрғын үйдің іргесіне дейін су құбыры тартылды. Оның ішінде 4,9 шаршы метр магистральдық, 1,9 шаршы метр үйге дейінгі су құбыры. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Ауызсу жүргізу жобасы аясында Көктүбек ауылының 73 тұрғын үйіне және Серіктес ауылындағы 22 тұрғын үйінің іргесіне дейін су құбыры жеткізілді.

Сондай-ақ мердігер «Уржар КМК-1» ЖШС ұйымы «Мәуліт» шаруа қожалығына 5 бағаналы электр желісін тартып жатыр. Қазір 75 бағана орнатылды. Жұмыстарды желтоқсан айының бірінші жартысында толық аяқтау жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button