Абай облысыҚоғамТОП

«Бейбітшілік пен келісім жолында» – ҚХА халық экспедициясының мүшелері Абай облысында

Экспедиция мүшелері Абай облысы этномәдени бірлестік өкілдері және қоғам белсенділерімен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Басқосуда сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бекзат Алтынбеков өңірге келудегі басты мақсат – азаматтармен тікелей байланыста болу екенін атап өтті.

  • Экспедициямыздың бағыты Павлодар, Өскемен, Семей арқылы өтеді. Халқымызға ұлы Абайды сыйлаған өлкеге ​​жеткенімізге өте қуаныштымыз. Біздің дәл қазіргі сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Экспедициямыздың басты мақсаты – жұртшылықпен және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесулер ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық, бірлік идеяларын насихаттау және әртүрлі буын өкілдерімен тіл табысу. Ұрпақтар арасындағы диалог – жастар аға буынның тәжірибесін, ақсақалдар жастардың құлшынысын алмастыруда маңызды аспектілердің бірі болып табылады, – деді Бекзат Алтынбеков.

Бекзат Алтынбеков сондай-ақ осы және одан кейінгі жиындарда аға ұрпақтың тәжірибесін дәріптеуге ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

  • Қариялар туралы сөз қозғағанда, біз әрқашан жастарға баға жетпес тәжірибені жеткізуді меңзейміз. Қол жеткізген жетістіктеріміздің көбі аға ұрпақтың сіңірген еңбегінің нәтижесі деп білемін. Ардагерлеріміз бен зейнеткерлеріміз қазіргі заманда біздің бар жақсыны иеленуіміз үшін аянбай еңбек еткені сөзсіз. Ең бастысы, аға буынның тәжірибесі, тәлім-тәрбиесі біздерге баға жетпес мұра, – деп атап өтті делегация мүшесі.

Алматы облысы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжаһан Әликеева кез келген қоғамның дамуындағы маңызды фактор – ана тұлғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, Гүлжаһан Әликеева Қазақстан аналарға ерекше көңіл бөлетін және оларға жоғарғы құрмет көрсететін мемлекеттердің бірегейі екенін айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button