ҚоғамСемейТОП

Семей қаласында халықаралық волонтер күніне байланысты «Кең жүрекпен» атты форум өтті

Абай облысының Семей қаласында халықаралық волонтер күніне байланысты «Кең жүрекпен» атты форум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты шара барысында облыстағы еріктілердің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы видео көрсетіліп, осы жанашыр адамдарың жұмыстары, қоғамдағы орны туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Абай облысында жыл бойы өз ерік-жігерлерімен көмек көрсеткен үздік еріктілерді Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов құттықтап, алғыс хат тапсырды.

  • Волонтердің өмірлік ұстанымы – адамдарға қолайлы жағдай жасап, қиын уақыттарда әрқашан көмек қолын созу болып табылады. Сондай-ақ біз қоғамдағы өткір мәселелердің де шешу жолдарын әрқашан қарастырамыз. Қазіргі уақытта лудоманияға қарсы бірқатар жобалар әзірленуде. Болашақта жастардың мәдени ортасын қалыптастыруда аянбай еңбек етпекпіз, – деді еріктілер ұйымының мүшесі Ерасыл Өмірәленов.

Салтанатты шара барысында Абай облыстық волонтерлер фронт офисінің жетекшісі Қуаныш Молдақашев және басқа да белсенді жастар ұйымдарының еріктелері өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

  • Біздің мақсатымыз қаламыздағы волонтерлік қозғалысты дамыту және жастардың қызығушылығын арттыру. «Кең жүрекпен» форумы дәстүрлі түрде екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда еріктілердің атқарған жұмысы биыл көп болды, – деді Семей қалалық Жастар орталығының басшысы Ерсінбек Өрлеубек.

Облыстағы еріктілер қоғамдағы жұмыстардан тыс қалмай, әрқашан береке-бірліктің және қамқорлық пен қолдаудың нағыз үлгісін көрсетіп келеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button