
Қалалық әкімдік тасымалдаушы кәсіпорындарға тазалық талабын күшейту туралы тапсырма берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семейдегі қоғамдық көлік жүйесіне 4 автобус паркі қызмет көрсетеді.
Семейліктер автобустардың санитарлық жағдайына жиі шағымданады. Қазіргі уақытта біз тасымалдаушылардың санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауын бақылауды күшейттік. Күн сайын жұмыс басталар алдында автобустардың іші-сырты жуылатын болады.
Сонымен қатар, рейстер арасында ластануына қарай кабина ішін тазалау талабы қойылды. Осы іс-шаралар бойынша тасымалдаушылар күн сайын жасаған жұмыстарының фото, видеосын күні мен уақытын белгілей отырып көрсетіп отырады.
Егер сізде автобустардың санитарлық жағдайына қатысты ескертулер болса, сіз фото немесе бейнетіркеу жасап, +7 (747) 752-26-84 WhatsApp мессенджеріне жібере аласыз.
Semeynews.kz