ҚоғамСемейТОП

Семейде Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Семей қалалық мәдениет сарайында ақын, Мемлекет сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылығына арналған «Бесінші маусым жұпары » әдеби кеші өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Рухани тағлымы зор шығармашылық кешті Инновациялық-әдістемелік орталықтың ұйымдастырды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, өңірлік қаламгердің жырларын насихаттау, өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, жас ұрпақтың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында өтті.

Оқушылар ақынның шығармашылығынан өлең оқып, ән салып, әсерлі қойылым қойды.
Облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қаламгердің рухани азық болатын маржан мұрасын көрерменге паш етіп, балалық шағынан есейген кезге дейінгі өмірін сахналады.

Мерейтой иесін өз оқырмандары-достары, шәкірттері, студенттері мен жыр сүйер қауым құрметтеп, мәнді де мағыналы кештің куәгері болды.

Шараға білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жас ақын оқушылар, техникалық  және кәсіби білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button