Абай облысы

Қару – жарақты заңсыз сақтау – бұл біздің назарымызды қажет ететін тақырып

Олар атыс қаруының заңсыз айналымынан туындайды, бұл қоғамға қауіп төндіреді. Біздің аймақтың қауіпсіздігі Сізлердің қолыңызда. Егер Сіз қару-жарақты заңсыз сақтау туралы фактілерді білсеңіз-үндемеңіз, бұл туралы құзыретті органдарға арнайы және құқық қорғау органдарының телефон нөмірлері арқылы хабарлаңыз. Біз бірге көшелеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Азаматтық жауапкершілікке қадам жасаңыз, заңсыз қарудан арылуға көмектесіңіз.

Сонымен қатар, Абай облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарына ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу бойынша акция өткізіліп жатқанын ескертеді.

Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру ережелеріне сәйкес атыс қаруының барлық түрлері, оқ-дәрілер, сондай-ақ жарылғыш заттар сатып алуға жатады.

Егер азаматта заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрі болса, онда ол тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, тіркелмеген қаруды немесе оқ-дәрілерді тапсыра алады.

❗️Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Қала тұрғындарының кері байланысына үміттенеміз!

Абай облысы ПД телефоны: 8 (7222) 69-30-07 немесе 102

Осы айдарда

Back to top button