Семей

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: 140-тан астам ата-ана кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарды. Рейдтік іс-шаралар күндізгі және түнгі уақытта барлық жерде өткізілді.

Сонымен, профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде ювеналды полиция қызметкерлері түнгі рейдтік шаралар кезінде кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 142 фактісін, сондай-ақ ойын-сауық орындарында болуының 29 фактісін анықтады.  Екі жасөспірім бұзақылық жасады, 16 мен 18 жас аралығындағы 6 кәмелетке толмаған бала қоғамдық орындарда ішімдік ішті. Осы фактілер бойынша кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұзақылық әрекеттер жасаған және спирттік ішімдіктер ішкен жасөспірімдердің мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, онда тәрбиелік сипаттағы одан әрі шаралар туралы шешімдер қабылданатын болады. “Қиын” жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылады, отбасылардың қолайсыздығының барлық аспектілері ескеріледі. Комиссия отырысы барысында заңды өкілдерге ата-ана міндеттерін орындау бөлігінде ҚР заңнамасы түсіндіріледі, отбасының қолайсыздығын жою бойынша шаралар ұсынылады, жағдайды түзету үшін белгілі бір мерзім шығарылады. Жеке профилактика шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда кәмелетке толмаған балаларға қатысты заңды өкілдердің ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселе қойылады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның 269 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша ата-ана құқықтарынан айыру туралы 32 және оларды шектеу туралы 26 шешім шығарылды.

Абай облысы Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді өз балаларына ерекше назар аударуға, олардың уақыт өткізуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байыпты қарауға шақырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button