Семей

Биыл 55-тен астам көшеге жарықтандырулар жүргізілді

Қала тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды мәселесі саналатын көше жарықтандыруына биыл айрықша көңіл бөлініп, Семей қаласының орталық және шеткері аумақтарында 55-тен астам көшеге жарықтандырулар жүргізілді. Жұмыс шеңберінде тозған бағаналар ауыстырылып, сынған шамдар ішінара жөнделді. Олардың арасында жағалау ауданындағы Сәтбаев көшесі, Жеңіс саябағы, Бейбітшілік аралы, Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік, шіркеу алдыңдағы алаң, аквапарк аудандары қосымша жарықтандырылды.

Сондай-ақ, Степной, Жоламан, Холодный ключ, Шығыс, Мирный, Затон, Комсомолский кентеріндегі бірнеше көшелерге жаңадан 1000-ға жуық жарық бағаналары орнатылып, шамдар жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button