Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында резервтік су қоймасы мен учаскесін бекіту жұмысы жүргізілуде

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, биыл Алакөл көлінде кәсіптік балық аулау үшін 2 балық шаруашылығы учаскесі, сондай-ақ резервтік қордан кәсіптік балық өсіру үшін Балықтыкөл көлі бөлінген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыста тағы 11 резервтік аумақ пен жергілікті маңызы бар 14 су қоймасы бар, ол пайдаланушыларға бекітіліп берілуі тиіс.

Балық аулау су айдыны/аймағы Балық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері өткізетін конкурс арқылы тағайындалады.

Айта кетсек, балық шаруашылығы учаскесін алудың міндетті шарты болып балық өнімдерін өңдеу цехының болуы – кесу, кептіру, салқын және ыстық ыстау, балық ұнын, консервілерді өндіру және т.б.

Осыған байланысты балық шаруашылығының су айдыны мен аумағын бекіту жаңа балық өңдеу кәсіпорнын, тауарлық балық өсіруге арналған балық шаруашылығын құруға және басқа да саланы дамытуға серпін береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button