ҚоғамСемей

Семейде жол белгілерін жөндеу, жаңалау жұмыстары жалғасуда

Семейде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Қала бойынша жол белгілерін жөндеу, жаңалау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қолданыстағы  жол белгілерін жөндеу, жаңа жол белгілерін пайдалануға беру  бойынша шарт “LLC Азия” мердігерлік кәсіпорнымен жасалды. Осы уақыт ішінде 2 310 тірек бағаналарына жаңа жол белгілері орнатылды. Жыл соңына дейін қолданыстағы 6 000 дана жол белгісіне ішінара жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.

”Биыл көлік ифрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жұмыстарды жүзеге асырылды. Қазіргі таңда жол белгілерін ауыстыру мен жууға 3 бригада жұмылдырылды. Мердігер ұйымдар жұмыстарды екі аусымда жүзеге асыруда”, деп атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орынбасары Адилбек Увасилов.

Айта кетейік, егер сіздер жол белгілерінің сынып немесе құлап жатқанынан хабардар болсаңыздар, Семей қаласы әкімдігінің сенім телефонына WhatsApp желісіне хабарлама қалдыра аласыздар: +7 (700) 718-71-60.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button