ҚоғамСемейТОП

Семейде ауыл жастарының форумы өтті

Семейде ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Көкжиек» ауыл жастарының форумы өтті. Оған Семей қаласына қарасты ауылдық округтердің жас мамандары мен жастар қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиында «Мансап» орталығы мен Еңбек мобильді орталығының мамандары және “Аmanat” партиясының өкілдері мемлекет тарапынан ауыл жастарына жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы ақпарат берді.

Қатысушылар аграрлық сала мамандарын жұмыспен қамту, ауыл жастарын мемлекеттік бағдарламаға тарту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ауыл жастарының ұсынысы тыңдалды.

– «Бүгінгі форумда жастарға мемлекет тарапынан қандай жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Бұлар – жұмыспен қамту, қайтарымсыз гранттар мен 2,5 пайыздық несиелер. Олардың барлығы ауыл жастарына өте қажет. Өйткені , қазіргі таңда ауылда жұмыс істейтін жастар аз», – деп атап өтті Ұлан Айқалиев, Бөкенші ауылынан келген форум қатысушысы.

Форум Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында жұмыссыздықты азайту, ауыл жастарының әлеуетін жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button