ШҚОПроисшествияТОП

ШҚО-да өрт сөндірушілер отқа оранған үйден мүгедек адамды құтқарды

Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласындағы өрт шыққан жер үйден 1963 жылғы мүгедек құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Серебрянск қаласындағы Некрасов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

«Жер үй шатырының ағаш құрылымдарын шарпыған қызыл жалын жақын маңдағы қосымша ғимаратқа да жайылған. Көп ұзамай құтқарушылар жалпы ауданы 60 шаршы метрді құраған өртті өшірді. Сондай-ақ өрт сөндірушілер үй ішінде қалған 1963 жылғы мүгедек адамды терезе арқылы сыртқа алып шықты», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 13 адам мен 2 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану себеп болды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button