Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің Телеграм-каналында хабарланды.
“Құрметті 70, 71, 72 квартал және қаланың орталық бөлігінің тұрғындары!
2023 жылғы 29 қараша сағат 15.00-де Байсейітов көшесі, 55 мекенжайындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебінің ғимаратында Семей қаласының әкімі Н. Т. Нұрсағатовтың 70, 71, 72 квартал және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесуге қалалық әкімдік бөлімдерінің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары және Семей қаласы мәслихатының депутаттары шақырылады.
Сондай-ақ, кездесу басталғанға дейін сағат 14.00 – де қала әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз.
Құрметті 70, 71, 72 квартал және
қаланың орталық бөлігінің тұрғындары!
Сіздерді қала әкімінің кездесуіне белсене қатысуға, сіздерді қызықтыратын сұрақтар қоюға және біздің туған қаламызды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз!”
Semeynews.kz