Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысы Аягөз ауданында 17 отбасыға баспана кілті табыс етілді

Аягөз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында әлеуметтік жағынан осал топ ретінде кезекте тұрған тұрған 17 отбасыға көпқабатты тұрғын үйдің кілті табыс етілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Халықты, әсіресе әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы орайда ауданда жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді аудан әкімі Қанат Әділбай.
Жалпы, Аягөз ауданында 1517 азамат баспана кезегінде тұр. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аягөз қаласындағы Қабанбай батыр көшесінде салынып жатқан бес қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Semeynews.kz