
Семейдің Шығыс кентіндегі Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістік жақын арада қоғам игілігіне беріледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта осы аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық кеңістік 4 аймақ бөлінген. Олар: балалар ойын алаңы, воркаут-спорт алаңы, футбол мен баскетбол алаңы және демалыс аймағы.
Биыл қаланың сол жағалауындағы көпір асты аймағы, Мәңгілік ел, Жамақаев көшесіндегі, сондай-ақ қаланың шеткері аумағын қоса есептегенде 14 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.
Semeynews.kz