Абай облысы

Аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың әр аудан-қалаларында жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, Семей қаласындағы «Северный» сауда-логистикалық орталығында Абай ауданының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде бағасы қолжетімді ет өнімдері ұсынылды. Сатылған өнімнің жалпы көлемі 1,2 тонна сиыр, 1,4 тонна жылқы еті болды.

Осындай ауылшаруашылық жәрмеңкесі Бородулиха ауданында тұрақты өткізіліп тұрады. Жәрмеңкеде сиыр, шошқа еті, жылқы, қой, құс еті, сондай-ақ сары май, жұмыртқа, ірімшік, шұжық, тәтті тағамдар, сүт және ет өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды.

Мұндай бастама жергілікті тұрғындар үшін өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button