Абай облысыҚоғамТОП

Бесқарағай ауданында бала-бақша ашылды

Бүгін Бесқарағай ауданында бірнеше жылдан бері апаттық жағдайда тұрған “Айналайын” бала-бақшасы күрделі жөндеуден өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2014 жылы “Ауыл ел – бесігі” жобасы аясында салынған бала-бақша, 2019 жылдан бері қаңырап бос тұрған болатын. Апаты жағдайдағы ғимаратқа қаражат Абай облысының құрамына өткеннен кейін ғана бөлінген болатын.

64 млн теңге қаражат қарастырылған жоба сәтті аяқталып, жөндеу жұмыстарынан кейін 90 орындық бала-бақша балаларды қабылдауға толық дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button