Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының 2023 жылдағы қорытындысы талқыланды

Аягөз ауданында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен көшпелі әкімдік отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесуде «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы, атап айтқанда, жұмыс орындарын құру және нәтижеге қол жеткізу мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, 2023-2024 жылдарға арналған инфрақұрылымдық жобаларды, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, 2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы көрсеткішінің орындалу барысы талқыланды.
Бұдан бөлек, алдағы қыс мезгіліне автожолдарды дайындауға ерекше көңіл бөлінді.
Жиын қорытындысында Нұрлан Ұранхаев тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.
Semeynews.kz