ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

Бұл туралы шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Бүгінгі жұмыс күні қала тұрғындарымен қабылдауда маңызды кездесулерге толы болды. Менің қабылдауыма әртүрлі сұрақтары бар 10 адам келді. Кейбір қала тұрғындары Zoom арқылы өз сұрақтарын қойды.

Өтініштердің негізгі бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй және жер мәселелеріне қатысты болды. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне байланысты сұрақтарға мен тиісті жауаптар бердім,

Басты назар баспанаға мұқтаж жандарға аударылды. Оларға өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үдерістерін түсіндіріп, әрбір санат бойынша кезектілікті ілгерілету тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып бердім.

Қала басшысы ретінде менің бақылауымда назар аударуды және шешуді қажет ететін көптеген мәселелер бар екенін түсінемін. Алайда мен азаматтардың мәселелерін ұмытпаймын – мен үшін естіген әрбір сұрақ маңызды және мен оларды бақылауда ұстауға міндеттенемін”.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button