ҚоғамСемейТОП

Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару- әділеттілік жолы

Бүгінде елімізде болып жатқан саяси, экономикалық трансформациялық өзгерістер өзінің мақсатына жетіп, салтанат құратын болса, мемлекет үшін оң өзгеріс болады.

Сондай өзгерістердің бірі заңсыз алынған активтерді қайтару, ел игілігіне пайдалану. Кез келген реформа нақты нәтижеге негізделуі тиіс. Осы бағытта әділеттілікті орнату үшін бірінші кезекте ашықтық, жариялылық принциптерін қатаң сақтаған жөн.

Елімізде қабылданған “Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы” Заңда көзделген шаралар ешбір жағдайда адал кәсіпкерге, адал инвесторларға қарсы бағытталмайды, одан қорқудың қажеті жоқ. Заңнамада олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қажетті барлық кепілдіктер ескерілген деп ойлаймын.

Қайтарылатын объектілер мен қаражат көлемі нақты анықталып, мемлекет меншігіне өткізу механизмдері жан – жақты ойластырылған болуы тиіс. Оларды одан әрі пайдалануда инфляцияға, экономикалық келеңсіз жағдайға әкелмейтін тетіктер арқылы жұмсалуы керек.

Заңсыз әрекеттерге, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес арқылы бәсекелестікті арттыру, әділетті қоғамды құру, жаңа инвестордың, заңды жоғары бағалайтын кәсіпкерлердің келуіне кепілі болады.

Берік Қадыров экономика ғылымдарының PhD докторы

Осы айдарда

Back to top button