Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында мемлекеттік сатып алуға арналған конкурстың жаңа жүйесі жұмыс істейді

2023 жылдың 10 айында Абай облысының тапсырыс берушілері рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурстардың жеңімпаздарымен жалпы сомасы 43,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 313 шарт жасасты, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың рейтингтік-балдық жүйе және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу қолданысқа енгізілді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 31-2 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығына сәйкес рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүргізіледі.

Pейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және орналастырады.

Жеңімпаз келесі критерийлер бойынша анықталады:

1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) төленген салықтар көрсеткіші;
3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;
4) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса қолданылады);
5) теріс мәндер (әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған шарт болса, әрбір осындай шарт үшін
веб-портал шартты жеңілдіктің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button