ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Шүлбі кенті мен Новобаженова ауылының тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаз маусымында атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін Шүлбі кенті мен Новобаженовв ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала басшысы өз кезегінде ауыл тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, олардың ұсыныс-тілегін тыңдады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шүлбі кентінде әкімдік ғимаратының шатыры жөнделіп, қар ұстағыш қоршау орнатылды.

Шүлбі кентінен кейін қала басшысы Новобоженова ауылына барды. Бұл ауылдық округте ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Новобаженово, Клементьевка , Бұлақ ауылдарында  балалар ойын алаңы мен футбол алаңы орнатылды. Новобоженово ауылының тұрғындары қала әкіміне жайылымдық жердің тапшылығына шағымданды.

“Қазіргі уақытта ауылдық округте 5000 гектар жайылымдық жер бар. Бұған қосымша бұрынғы «Қуаныш» коперативінен 939 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «BA Agro Group» ЖШС 267 гектар жер қайтарылып алынады. Жайылымдық жерлер Новобаженова ауылындағы халықтың игілігне берілетін болады”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button