ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Ертіс ауылдық округіне барды

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кездесуіне облыстық мәслихат депутаты мен қалалық мәслихат төрағасы да қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мұқыр ауылының тұрғындары күз мезгілі кезінде шөп бағасының өте қымбат болатындығына шағымданды. Бірнеше тұрғын шабындық жерлердің тапшылығына шағымданды. Қала әкімі барлық сұраққа тиісінше жауап берді.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Мұрат және Мұқыр ауылдарына әмбебап спорт алаңын орнату үшін “Фераж-30” мердігер ұйымымен шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Прииртышское ауылында балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстарды “Ж. Құрылыс компаниясы” іске асырды.

“Бұдан бұрын өткен кездесуімізде сіздер Прииртышское ауылындағы демалыс саябағында сахна орнатуды сұраған болатынсыздар. Бүгінгі таңда сахнаны орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аталған ауылдағы орталық саябақтың металл қоршауын ағымдағы жөндеуге қаржы жұмсалып, жөндеу жұмыстары аяқталды”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Ертіс ауылдық округінің экономикалық ахуалы өзге ауылдарға қарағанда көш ілгері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button