Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 мектеп салынады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz. 

Оқушы орны тапшылығын азайту үшін ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектеп салуға келісімшарт жасалып, екеуінің құрылысы Семей қаласында басталып кетті.

«2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын мектеп, және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады. Сол сияқты, балаларды қосымша біліммен жан-жақты қамту мақсатында көпбейінді Оқушылар сарайын салу көзделген», – деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап Шәкәрім университетінде «Shakarim High School» және Ә.Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылып, ЖОО-ларға қосымша 500 арнаулы білім гранты бөлінді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button